19
март
2024
2024 жылы 12 наурыз күні «Цифрлық мұғалім» жобасы аясында “Инновациялық сандық білім беру ресурстарын дамыту және қолдану” тақырыбында қалалық семинар
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Айбек атындағы N14 жалпы орта білім беретін мектеп базасында “Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау” орталығымен бірлесе отырып, 2024 жылы 12 наурыз күні «Цифрлық мұғалім» жобасы аясында “Инновациялық сандық білім беру ресурстарын дамыту және қолдану” тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Білім алушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейін жақсарту.
Семинар барысында:
Математика, Қазақстан тарихы, химия, биология, физика пәндерінен білікті мұғалімдер (Шинипа Муталипова, Aiman Murat, Фарида Узденова, Aitkul Asanova, Шолпан Жолдасова, Надира Шукуралиева, Гульзира Омарова, Малахот Хакимшикова, Айгерим Ескараева, Умида Яманова) өз іс-тәжірбиелерімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс орнатылып, сабақ өткізген мұғалімдер Алғыс хатпен марапатталды. Кәсіби шеберлігін шыңдауға қатысқан барлық ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!
Теги:
Қалалық семинар